негізгі бет | IKNA-мен хабарласу | IKNA жайында
   16:42 GMT барлық жаңалықтардың саны: 0
іздеу:
жаңалықтар тақырыптары
тақырыпқа байланысты жаңалықтарды алу
қызметтер
ұсыныс
хабар жіберу
Құран Кәрімнің толық мәтіні
Құран әуендері
 
Би-исми-л-лаһи-р-рахмани-р-рахим
IKNA әлемдік руханиатқа бет бұру есігі

 

Алғы сөз:
IKNA – (Иранның Құрани жаңалықтар агенттігі) ислам әлемінде Құран Кәрім жайында арнайы хабар тарататын алғашқы және жалғыз агенттік болып табылады. Біз Иран және бүкіл әлемде болып жатқан саяси, өнер, әдеби, әлеуметтік, Құран қызметтері, ой мен ғылыми жаңалықтар мен оқиғаларды Құран негізінде зерттеу мен талдауға тырысамыз.

Қысқаша тарихы:

IKNA – (Иранның Құрани жаңалықтар аенттігі) қасиетті рамазан айының он бесінші жұлдызы һиджри қамари жылында (шамси жыл санауы бойынша абан айының жиырмасыншы жұлдызы жыл) Иран ислам республикасы бұрынғы президенті мен басқа да көптеген жоғары лауазымды ресми өкілдерінің, ғалымдар мен Құран тәпсірсілерінің қатысуымен ашылған.

Мақсаты:

1. Қоғамның әр түрлі топтары арасында Қасиетті Құран Кәрімнің иләһи мәдениетін насихаттау
2. Ел арасында және шет елдерде күнделікті болып жатқан Құран Кәріммен байланысты қоғамдық жаңалықтарды тарату
3. Құранның әр түрлі аймақтарда пайда болуы, жазылуы және көрінісі.
4. Құранды үйренуге жан-жақты үгіттеу және ғылыми, мәдени, саяси, әдеби, қоғамдық және т.б. тақырыптағы хабарларды жинау
5. Басқа да мұсылман елдері үшін ИИР-ғы Құран Кәрімнің орны
6. Әр түрлі қоғамдық топтар арасында Құран үйретуге ықпал ету
7. Ел арасында және шет елдерде хабарларды нәтижелі түрде ұйымдастыру жөнінен тәжірибелер алмасу
8. Құран Кәрімді басшылыққа ала отырып, әр түрлі аймақтарда мәдени және ғылыми бағыттардың жандануына мүмкіндік туғызу


Негізгі қызмет аясы:

«Құран» иран ақпараттық агенттігінің қызметі төменде келтірілген бағытта іске асады:
I) Аймақтық ақпараттық агенттіктерден күнделікті хабарлар мен сұхбаттарды жинақтау мен өңдеу
II) Дін өкілдері, сарапшылар мен жауапты адамдардың қатысуымен сараптамалық-ақпараттық дөңгелек үстелдер өткізу
III) «Құран» иран ақпараттық агенттігінің екі аптада бір рет шығарылатын «Райиха» мерзімдік-ақпараттық журналын дайындау және басып шығару
IV) Ішкі және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарына Қасиетті Құранға қатысты ақпараттарға толық мәлімет дайындау

IKNA бағдарламалары үнемі арнайы мамандар мен дін өкілдерінің қатысуымен өткізіледі. Бес жыл ішінде бұл агенттік хабарды тілде ішкі бөлім мен сыртқы бөлімнен таратылды.

Журналистер Құран жинақтары жайындағы көптеген хабарларды бүкіл әлем бойынша күнделікті таратып отырады

 
E-Mail: intl@ikna.ir
2003 - 2012 Құран халықаралық агенттігі